Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:11
Күн 05:41
Екінті 16:38
Ақшам 18:39
Құптан 20:08
Мақалалар

Торайғыр бидің әділдігі

4 шiл 2022 821 рет оқылды
Торайғыр бидің әділдігі

Бір түйелі кісіге бір жаяу жолдас болып, сонда түйелі жаяуға:

–Түйенің жабуынан бір қолыңмен ұста да отыр, - депті.

Әлгі жаяу түйелінің айтуы бойынша түйенің жабуынан ұстап еріп отырыпты. Бір жерге жеткенде түйе зорығып өліпті де, түйелі жаяумен дауласып, ақыры Торайғыр бидің алдына келіпті.

Жаяу:

–Мен жалғыз қолыммен жабудан ұстап отырғаннан басқа, дәнеме қылғаным жоқ, - деп ақталыпты.

–Қанша жер ұстап отырдың? - деп, жер мөлшерін сұрап алып, – сол айтқан жерге шын қолыңды жоғары көтеріп отырып бар. Егер де соған шын қолыңды жоғары көтерген бойы бара алмасаң, түйенің төрттен бірін төле, - депті.