Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Бас мүфти Түркия Дін Істері Басқармасының басылымдарымен танысты

2 жел 2021 1 279 рет оқылды
Бас мүфти Түркия Дін Істері Басқармасының басылымдарымен танысты

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ресми сапары барысында Түркия Дін істері басқармасы діни басылымдар бөлімінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Бөлімнің басшысы Юнус Юксел ҚМДБ делегациясын Diyanet тарапынан жарық көріп жатқан діни басылымдар, сондай-ақ баспа саласы, аударма ісі және радио жұмысын таныстырды.

Кездесу барысында Бас мүфти Diyanet қолдауымен жарық көрген қазақ тіліндегі кітаптардың маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да дініміз үшін құнды кейбір кітаптардың түрік тілінен қазақ тіліне аудару туралы ұсыныс білдірді. Юнус Юксел бұл ұсынысты қуана қолдап, мол сұранысқа ие болған кітаптар тізімін беруге келісті. Сондай-ақ тұрақты түрде бірнеше тілде хабар тарататын радио өнімдерін де насихаттау, аударма ісі, кітап саласы бойынша әріптестік байланысты жаңғырту жайлы уағдаласты.

Сондай-ақ Бас мүфти бастаған ҚМДБ делегациясы кітапхана қоры, сирек қолжазбалар бөлімімен танысты. Бұл қорда бірқатар көне кітаптар сақталған. Қазіргі таңда 8 мыңға жуық сирек қолжазбаның электронды нұсқасы дайындалған.

#Наурызбай қажы Тағанұлы