Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Бас мүфти Түркия ғұламалар кеңесінің жұмысымен танысты

2 жел 2021 828 рет оқылды
Бас мүфти Түркия ғұламалар кеңесінің жұмысымен танысты

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Анкарадағы Түркия Дін істері басқармасына қарасты Ғұламалар кеңесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Кездесу барысында Бас мүфти кеңес мүшелерімен пікір алмасып, қазіргі қоғамдағы өзекті пәтуаларды қабылдау барысындағы жаңашылдық бағыттар жайында сөйлесті.

Делегацияны қабылдап, Ғұламалар кеңесінің қазіргі жұмысы туралы баяндаған төраға Әбдірахман Хачкалының айтуынша кеңестің құрамында 16 адам бар. Бір жылдың ішінде 60 мың пәтуа шығарған.

Сондай-ақ делегация құрамында келген наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы соңғы жылдары Ғұламалар кеңесі шығарған пәтуаларды таныстырып, күрделі діни шешімдер турасында өз ойын ортаға салды.

Кездесу соңында тараптар шариғи мәселелерді бірігіп талқылап, ортақ шешім шығару барысында бірізділікке келуге уағдаласты.

Айта кетейік, бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Түркия Дін істері басқармасының басшысы Әли Ербаштың қатысуымен өткен кездесуде Ғұламалар кеңесі жұмысын жандандырып, екіжақты тәжірибе алмасуды көздейтін ортақ жоба қолдау тапты.

#Наруызбай қажы Тағанұлы