Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Ақшам 20:13
Жаңалықтар

Бас мүфти Түркістанда мешіт жамағатына насихат айтты

15 сәу 2023 717 рет оқылды
Бас мүфти Түркістанда мешіт жамағатына насихат айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында Қожа Ахмет Ясауи мешітінде жамағатқа насихат айтты.

«Ораза – мұсылмандарды бауырластыратын құлшылық. Ораза ұстаған адам аштықты сезініп, кедей-кепшіктердің жағдайына, яғни олардың күйіне енеді. Осының нәтижесінде мұсылмандар арасында мейірімділік, бауырмалдық сынды қасиеттер көрініс табады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады» деген. Алла Тағала сіз бен біздің бауырмалдығымызды бекем еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.