Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 ж. 6 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:19
Күн 05:47
Екінті 16:31
Ақшам 18:30
Құптан 19:58
Мақалалар

«Бізде «қайырымдылық жасау» деп осындайды айтады»

30 мам 2025 511 рет оқылды
«Бізде «қайырымдылық жасау» деп осындайды айтады»

Базарда қой сатып тұрған бәдәуи әйелге біреу келіп: «Мына қойыңның бағасы қанша?», - деп сұрайды.

Әйел: «Осынша тұрады» деп бағасын айтады.

Әлгі кісі қойдың бағасын едәуір түсірмекші болып: «Бір қайырымдылық жасасаңшы», - деп қалады. Мұны естіген әйел қойдың жібін әлгі еркекке ұстатып жүріп кеткен екен.

Бұл уақиғаны сырттай бақылап тұрған біреулер әйелдің тұсына келіп: «Мұның не? Қойды беріп кеткенің қалай?», - деп таң қалысып сұрайды.

Әйел: «Ол маған қойдың бағасын түсірсеңші деп айтпады. Бір қайырымдылық жасасаңшы деп айтты. Біз жақта «қайырымдылық жасау» деп қойды тастап кететіндей ізгі істерге айтылады», - деген екен.

материал ұстаз Бауыржан Әлиұлының «Ойлаймын да» кітабынан алынды,

sunna.kz