Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Бүгін Президенттің сұхбаты көрсетіледі

17 ақп 2022 809 рет оқылды
Бүгін Президенттің сұхбаты көрсетіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты шығады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімдеді.

- «Ертең, 17 ақпанда сағат 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі», - деп жазды Берік Уәли.

Баспасөз хатшысы Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап беретінін айтты.