Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

ҚМДБ: Түркия өкілдігінде өткен кездесу

17 ақп 2022 832 рет оқылды
ҚМДБ: Түркия өкілдігінде өткен кездесу

МДБ-ның Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай осы елдің Дін істері басқармасы діни басылымдар бөлімінің басшысы Юнус Юкселмен кездесті.

Кездесу барысында алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын бірқатар мәселе талқыланды. Соның ішінде діни еңбектерді қазақ тіліне аудару мәселесіне баса назар аударылды.

Айта кетейік, 2021 жылы Анадолы еліне ресми сапармен барған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Анкарада Діни басқарманың Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі жетекшісі етіп Жандос Айтбаевты тағайындаған болатын.