Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:11
Күн 05:41
Екінті 16:38
Ақшам 18:39
Құптан 20:08
Мақалалар

Дертіміз – нығметтерге етіміз үйреніп, нығмет ретінде көрмеу

6 жел 2024 411 рет оқылды
Дертіміз – нығметтерге етіміз үйреніп, нығмет ретінде көрмеу

"Және Раббың жариялаған сөздерін естеңдер: «Ант етемін, егер (берген нығметтеріме) шүкір етсеңдер, әлбетте сендерге (нығметтерімді) арттыра беремін. Ал егер қарсылық жасасаңдар (шүкіршілік етпесеңдер), әлбетте азабым өте қатты" («Ибраһим» сүресі, 7-аят)

 

Алла Тағаланың бізге әрдайым беріп жатқан нығметтеріне үйреніп кеткеніміз соншалықты оны міндетті нәрсе деп қабылдап, шүкіршілік қылудан бас тартып кеттік. • Қалағанымызды сатып аламыз, алайда сол ақша кім бергенін ұмытамыз.

• Барлық күш-қуатымызбен шапқылап жүреміз, алайда денсаулықты кім бергенін ұмытамыз.

• Больницалардың қасынан өткенде, амандықты кім бергенін ұмытамыз.

• Түрмелердің жанынан өткенде бостандықты кім бергенін ұмытамыз.

• Өлім мен апаттарды көріп жатамыз, алайда тыныштықты кім бергенін ұмытамыз.

Адам баласының ең қатерлі дерті – нығметтерге еті үйреніп, оны нығмет ретінде көрмеу.

• Басындағы баспанаң – нығмет. Себебі қаншама үйсіз жүрген босқындар бар.

• Жанындағы күйеуің – нығмет. Себебі қаншама жесірлер бар.

• Секендеген балаң – нығмет. Себебі қаншама ұрпақ сүйе алмай жүргендер бар.

• Әрқашанда былай айт: “Уа, Алла өзіңе шүкіршілік қыламын”.

• Себебі шүкір еткен сайын нығметтер еселенеді.

материал «Құран хат» кітабынан алынды,

sunna.kz