Жексенбі, 25 қазан 2026 ж. 14 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:22
Күн 06:49
Бесін 12:03
Ақшам 17:07
Құптан 18:34
Мақалалар

Досбол би: Ұрының пірі

1 қыр 2022 915 рет оқылды
Досбол би: Ұрының пірі

Досбол би бір алқалы отырыста бір жағынан жұмбақтап, бір жағынан кекете сөз бастапты.

- Дүниедегі жанды-жансыз заттардың пірсізі болмайды. Солардың ішінде:

Жарлының пірі - қалтаң ата,

Ұрының пірі - жалтаң ата.

Күншілдің пірі - күңкіл ата,

Кеселдің пірі - ыңқыл ата, - депті.

Сонда көп ішінде отырған жарлы-жақабай, ұры-қары, өсекші-күншілдер өз міндерін біліп, «қой бұл жерде отыра бермейік, көп отырсақ тағы бір нәрсемізді тауып айтып, жұртқа масқара қылар» деп, біртіндеп сытылып шыға беріпті.

«Қазақ халқының философиялық мұрасы» көптомдығынан

Sunna.kz