Жексенбі, 6 қыркүйек 2026 ж. 24 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:57
Күн 05:30
Бесін 12:18
Ақшам 18:55
Құптан 20:27
Мақалалар

Дініміздің береке-бірлікке берген маңызы

13 қаң 2023 1 052 рет оқылды
Дініміздің береке-бірлікке берген маңызы

Тарихта мұсылмандардың қол жеткізген табыстары береке-бірліктің арқасында болған. Мұсылмандардың басына түскен ауыртпалықтардың, қиыншылықтардың көпшілігі бірліктің бұзылуы, мұсылмандардың бөлінуінен туындаған. Алла Құран Кәрімде бізді бірлікке шақыра отырып, былай дейді: “Барлықтарың Алланың жібінен мықтап ұстаңдар, бөлінбеңдер.” Пайғамбарымыз да: “Мүминдер – кірпіштерден қаланған бір ғимарат сияқты” дей отырып, дініміздегі береке-біріліктің маңызын білдірген. Бірлік – қуаттың, күштің көзі, ал бөліну – бәленің көзі. Біздің міндетіміз, мұсылмандар арасындағы бірлікті сақтау, жікшілдікке жол бермеу. Пайғамбарымыз мұсылмандардың бірлігін бұзғысы келетіндер жайында былай дейді: “Бөлінушілікке жол ашқандар – бізден емес”. Осы өсиетке құлақ асып, бөлінушілікке жол ашатын істерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

sunna.kz