Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 ж. 5 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:17
Күн 05:46
Екінті 16:33
Ақшам 18:32
Құптан 20:00
Мақалалар

«Дұғаңның бәрін салауатқа арнасаң, күнәларыңнан арыласың»

29 жел 2022 882 рет оқылды
«Дұғаңның бәрін салауатқа арнасаң, күнәларыңнан арыласың»
Үбәй ибн Кағб (р.а.) әңгімелеуде:
«Бір күні Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып көптен бергі көкейімде жүрген сұрағымды қойдым: – Уа, Алланың елшісі, мен сізге көп салауат айтып, сәлем жолдап жүрем, соны қанша жасаған дұрыс? – Қалағаныңша. – Дұғамның төрттен бірін сізге салауат пен сәлемге арнағаным қалай? – Өзің білесің, бірақ көбейткенің өзіңе жақсы. – Онда үштен екісін арнасам ше? – Өзің білесің, бірақ одан да көбейткенің өзіңе жақсы. – Олай болса, дұғамның бәрін сізге салауатқа арнаймын. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсіреп. – Дұғаңның бәрін салауат пен сәлемге арнасаң, қиыншылық атаулы сенен алты қыр алыста жүреді. Күнәларыңнан біржолата арыласың», – деген еді.

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

sunna.kz