Сәрсенбі, 17 маусым 2026 ж. 2 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Ақшам 20:37
Құптан 22:24
Мақалалар

Дұға тілегенде нені сұрап, нені сұрамау керек?

11 қар 2022 913 рет оқылды
Дұға тілегенде нені сұрап, нені сұрамау керек?

Муаз ибн Жәбәл әңгімелейді: «Бір кісі: «Аллам,  маған сабыр бере гөр!» – деп дұға жасап отырған-ды. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлгінің қасына келіп:

– Алладан басыңа бәле мен қиыншылық тілеп  отырсың. Одан да деніңе саулық тілесеңші, – деді. Алла елшісі тағы бір күні: “Аллам, сенің барлық  нығметтеріңді тілеймін”, – деп дұға етіп отырған біреуді көріп, оған да былайша ескерту жасады:

– Ей, адамзат! Сен барлық нығметтердің не екенін білесің бе өзі?

Әлгі кісі:

– Уа, Расулаллаһ! Бұлай дұға ету арқылы тұрмысымды оңдап алғым келеді және рухани жетілуімді ойлап отырмын, – деді. Пағамбарымыз:

– Жәннатқа кіру мен тозақтан құтылудың өзі үлкен нығмет қой, – деді оған. Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде:

«Ей, ұлы Аллам! Ей, сыйлығы мол Аллам!» – деп отырған біреуді көріп:

– Әрмен қарай жалғастыра бер. Алла бұл дұғаңды қабыл етеді, – деді».

Бәшир ибн Хасасияның әңгімесі: «Алла расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Сені Рабиәтүл-Қашамнан Алла елшісінің алдына әкеліп, иман нұрымен нұрландырған Аллаға мадақ, – дегенін естіп:

– Ей, Расулалла! Дұға етші, менің жанымды сенен бұрын алсын, – дедім. Алла елшісі:

– Мұндай дұғаны ешқашан, ешкімге тілемеймін, – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

sunna.kz