Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Ей, Алланың құлы! Жүгіңді таста да, өтіп кет!

21 қаң 2026 193 рет оқылды
Ей, Алланың құлы! Жүгіңді таста да, өтіп кет!

Дүниеде адам баласын шырмауына алып, барлық рахатын қашыратын нәпсіқұмарлықтың тартымдылығы мәңгілік өмірді азапқа айналдыратын оттың шоғы ғана емес пе? Бұл дүниеден ақыретке жіберген нәрсеміздің бәрі біздікі. Ал, түрлі машақаттарға төзіп, артымызда қалдырғандарымыз – дүние мен мұрагерлеріміздікі. Әбу Һурайрадан келген риуаятта: «Адам өлген кезде періштелер “Не әкелді?” дейді. Адамдар болса “Не қалдырды?” дейді» делінген (Бәйһаки, Шүабүл Иман, VII, 10475).

Салиқалы жандардың біреуі былай деген екен: «Түсімде өзімді жәһаннам көпірінің үстінде тұрғанымды көрдім. Сол жерге үлкен қорқынышпен әрі уайыммен қарадым. Өзіме-өзім:

– Бұл жерден қалай өтемін? – деп тұрғанда, сол жердегілердің біреуі:

– Ей, Алланың құлы! Жүгіңді таста да, өтіп кет! – деді. Оған:

– Қандай жүгімді? – дегенімде:

– Дүниені таста! – деп үн қатты (Рұхул Баян, II, 470).

Жүректен алып тастауды қажет ететін дүниенің не екенін Хазіреті Мәулана былай қорытындылаған:

«Мынаны білгейсің! Дүние – ақша, мал-мүлік, әйел, бала-шаға, киім-кешек пен сауда-саттық емес. Дүние – Алладан ғапыл болу».

Яғни, жүректі мазалап, құлды ғапылдыққа итеріп, Раббысын ұмыттыратын әр нәрсені жүректен шығарып тастау керек. Раббымыз бізді аманат ретінде берген нығметтерді ахіреттің қорына айналдыра білген салих, садық құлдарынан жазсын!.. Бізді қиямет күні мақрұм қалдырмасын!.. Бізді қиямет күні мұңаятындардан аулақ қылсын!

материал «Бір насихат» кітабынан алынды,

sunna.kz