Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Құптан 20:13
Мақалалар

Елге үлгі айтар ерің болмаса

12 мам 2022 1 006 рет оқылды
Елге үлгі айтар ерің болмаса

Досай би қартайып отырып қалған кезінде, оның жеті баласы жиі-жиі келіп, көңілін сұрап, жағдайын біліп тұрады. Бір күні Жаманбай деген үлкен баласы оны сөйлетпек болып, "Көке, не жақсы, не жаман?" деп сұрайды.

– Жақсы аттан жақсы туса,

Міндетін пырағың емес пе?

Жаманнан жақсы туса,

Елдің шырағы емес пе?

Жақсыдан жаман туса,

Шамшырағың өшкені емес пе?

Елге үлгі айтар ерің болмаса,

Құт-берекең көшкені емес пе... деген екен.

«Қазақ халқының философиялық мұралары» атты кітаптан.

sunna.kz