Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Жат ағымның алдын алуға бағытталған шара жалғасын тапты

11 нау 2022 1 185 рет оқылды
Жат ағымның алдын алуға бағытталған шара жалғасын тапты

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде халыққа дұрыс діни ақпарат беріп, жат ағымның алдын алу  мақсатында қолға алынған арнайы дәрістің кезекті бөлімі  өткізілді.

Дәріс намаз бастауға ниетті азаматтар мен жаңадан намаз бастаушы азаматтарға арналғандықтан әр аптада жұма намазы аяқталған соң өткізіліп келеді.

Кезекті «Намаз оқып үйренейік» деп аталатын практикалық дәріс аясында жиналған жамағатқа дәстүрлі Ислам қағидаттары негізіндегі намаз мәселелері сөз болды. Мешіт қызметкері Ханафи мәзһабы бойынша намаз оқу үлкісін көрсетіп, практикалық дәріс жүргізеді.