Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Құптан 22:14
Жаңалықтар

Қызметкерге кіші қажылыққа жолдама берілді

11 нау 2022 1 032 рет оқылды
Қызметкерге кіші қажылыққа жолдама берілді

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің тазалықшысы Ұмсын Тұрбашоваға ұзақ жылдық еңбегін ескере отырып, бас имам Руслан Байзақовтың ұйымдастыруымен демеушілер есебінен кіші қажылыққа жолдама берілді.

Тұрбашова Ұмсын мешітімізде ұзақ жылдар бойы жұмыс жасап, құлшылық ордасының күлденіп-көркеюіне бір кісілік үлес қосып, тер төккен шаруашылық қызметкері.

Жұма намазынан кейін бас имам мен мешіт ақсақалдар алқасы арнайы сертификатты табыстады. Ақсақалдар ақ батасын беріп, сәт сапар тілдеді.