Жұма, 17 шілде 2026 ж. 3 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 04:14
Бесін 12:25
Екінті 17:54
Ақшам 20:27
Құптан 22:21
Мақалалар

Истихара намазының жауабын қалай білеміз?

14 сәу 2025 588 рет оқылды
Истихара намазының жауабын қалай білеміз?

Истихара – ғайыпты білу емес! Біз үшін ненің қайырлы, ненің қайырсыз екені бәрібір ғайып болып қала береді. Ал оны оқу – істі Аллаға тапсыру, Одан бізге қайырлысын таңдап беруін сұрау. Өйткені, біз шын мәнінде өзімізге ненің жақсы, ненің жаман екенін біле бермейміз.

Құранда: «Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Алла біледі, сендер білмейсіңдер» («Бақара» сүресі, 216-аят), – деп айтады.

Сахаба Омар ибн әл-Хаттаб: «Басыма жақсы көретін нәрсе келе ме, жек көретін нәрсе келе ме бәрібір. Себебі мен жақсылықтың мен жақсы көретін нәрсе де ме, жоқ әлде жек көретін нәрседе ме екенін білмеймін», – деп айтады екен.

Ал әйгілі табиғин ғұлама Хасан әл-Басри де (Алла рахымын алсын) бір сөзінде былай деген екен: «Бастарыңа келген бәлекеттерді жек көрмеңдер. Кейде сендер ұнатпайтын істерде есендіктерің болуы мүмкін, сол сияқты сендер жақсы көретін істерде құрыдымдарың болыуы мүмкін (Әл-Қуртуби. Әл-Жамиғу ли ахкамил Қуран).

материал «Истихара» кітабынан алынды,

sunna.kz