Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Мақалалар

Кейбір істерді оң жақтан бастаудың маңызы

13 қар 2025 242 рет оқылды
Кейбір істерді оң жақтан бастаудың маңызы

«Амал дәптерін (қиямет күні) оң жағынан алған адам (қатты қуанып): «Мінеки, менің (ізгі амалдарға толы) кітабымды алып оқып көріңдерші», – деп айтады».(«Хаққа» сүресі, 19-аят).

«Оң жақтағылар, олардың кімдер екенін білесіңдер ме? (Олар – амал дәптерін оң жағынан алатындар, бұл қандай бақыт!) Сол жақтағылар, олардың кімдер екенін білесіңдер ме? (Олар – амал дәптерін сол жағынан алатындар, бұл неткен бейбақтық!)» («Уақиға» сүресі, 8-9-аяттар).

Айша  анамыз  (р.а.):  «Расулалла (саллаллаһу  аләйһи  уә сәлләм)дәрет алғанда, шаш тарағанда, аяқ киім кигенде, жалпы барлық (жақсы) істерінде оң жақтан бастағанды ұнататын еді», – деген (Бұхари, либәс 38; Муслим, таһарат 66).

Әбу  Һурайра  (р.а.):  «Алла  елшісі (саллаллаһу  аләйһи  уә сәлләм): «Қайсыбірің болмасын аяқ-киімін киерде алдымен оң аяғынан бастап кисін. Ал шешкенде, сол аяқтан бастасын. Осылайша, оң аяқтағы аяқ-киімнің сыңары алдымен  киіліп,  соңынан  шешілетін  болсын»,  –  деп бұйырды», – деген.(Бұхари, либәс 39; Муслим, либәс 67).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

sunna.kz