Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Құптан 22:23
Мақалалар

Көңілді бұзатын дүние сүйіспеншіліктері

1 қар 2022 681 рет оқылды
Көңілді бұзатын дүние сүйіспеншіліктері

Алла Тағала құлына мәңгі бақытты уәде етсе, оның дүниелік қалауларға жөнеліп, Раббысын ұмытуы, Фәридүддин Аттардың жеткізген хиқаядағыдай, бір падишахтың жанындағы үлкен беделді бір аң итінің аң кезінде әншейін бір сүйекке еріп, асыл иесі падишахты ұмытқаны сияқты ақымақтық. Дүние сынағында адам осы мысалдағыдай көп сүйектерге немесе қармақ ұшындағы жемдерге жолығады. Хазіреті Мәуләна қалай тамаша айтқан: «Көп балықтар суда қауіпсіз жүрсе де, тамаққа құштарлығынан қармаққа түскен». Құлдың нәпсі қалауларының тұтқыны болып, Раббысын ұмытудың да бұдан айырмасы жоқ. Құлдың дүниенің алдамшы елестеріне алданып, Алла алдындағы ұлық мәртебесін жоқ етуі ерекше гауһар тастармен безендірілген алтын құмыраны қарапайым темір бөлігіне сатуы сияқты ақымақтық. Хазіреті Мәуләна адамның бұл оғаш алданышын былай салыстырып түсіндіреді: «Қойдың қасқырдан қашуы адамды таңыртпайды. Өйткені, қасқыр қойдың дұшпаны және аулаушысы. Негізінде, таң қаларлық нәрсе – қойдың қасқырға құмартып, көңіл аударуы».

материал «Ықылас пен тақуалық» кітабынан алынды,

sunna.kz