Дүйсенбі, 15 маусым 2026 ж. 29 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Мақалалар

«Лә илаһә иллаллаһ» деп зікір етудің артықшылығы

9 қаң 2023 1 054 рет оқылды
«Лә илаһә иллаллаһ» деп зікір етудің артықшылығы

Әбу Һұрайра (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Қиямет күні сіздің шапағатыңыз тиетін бақытты жандар кімдер болмақ? – деп сұрадым. Ол былайша жауап берді: – Әй, Әбу Һұрайра! Бұл сұрақты сенен бұрын ешкім сұрамады-ау деймін. Себебі сенің хадис үйренуге деген құштарлығың мен ықыласыңды жақсы білемін ғой. Иә, қиямет күні менің шапағатыма ықыласпен «лә илаһә иллаллаһ», – деп көп зікір еткендер бөленеді». Әбу Зәрр (р.а.) бұл жайында: «Хазірет Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): – Уа, Алланың Пайғамбары! Маған қандай кеңес бересіз? – деп сұрадым. – Ағат әрекет етсең, дереу артынан жақсылық жаса. Ол жақсылығың жасаған күнәң мен қателігіңді жуып-шаяды, – деп насихат берді. – “Лә илаһә иллаллаһ” десем жақсылыққа бастаған боламын ба? – деген сұрауыма Ол: – Әлбетте, бұл сөз жақсылықтардың ең игісі ғой, – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

sunna.kz