Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Құптан 22:23
Мақалалар

Маскүнемді иманға әкелген құдіретті сөз

3 мау 2025 477 рет оқылды
Маскүнемді иманға әкелген құдіретті сөз

Бір маскүнем жолда келе жатып жерден «бисмиллаһир рахманир рахим» деген жазуы бар қағазды көріп қалады. Оны дереу жерден алып, топырақтан тазартып, сүйеді де үйіне келіп әдемі иіссу сеуіп, төріне іліп қояды. Сол түні бір ғалымның түсінде: «Оған барып айт. Есімімді тазалағаны үшін Мен де оны тазалаймын. Есімімді жоғары көтергені үшін Мен де оны жоғарыға көтеремін. Әдемі иістендіргені үшін Мен де оны әдемі етемін» деп бұйырылады.

Кісі әлгі маскүнемді сыраханалардың бірінен тауып алады да оған болған жайдың барлығын айтып береді. Айтқандарына қаныққан ол егіліп жылайды. Сол жерде тәубе етіп тұрғанында аяғында аяқ киімі болмағандықтан кейін өмір бойы аяқ киім кимей өтеді.

Себебін сұрағандарға: «Сөз берген кезімде жалаң аяқ едім, қазір енді киюге ұяламын» - деп жауап береді. Кейін ол «жалаңаяқ» деген мағына беретін «Хафи» аталып кетті. Бұл Бишри Хафи (р.а.) еді. Ол қалған өмірін ілім үйрену мен өзгелерге үйретуге арнады.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

sunna.kz