Мен орнымнан қалған күні белгілі болады
Байзақ датқа сайланған алғашқы жылдар екен. Әкесінен бөлек ауыл болып ақ орда көтеріп, ел басқарып жүреді.
Бір күні оның үйіне әкесі келеді.
- Балам, дос көбейттің бе, досың қанша?,-деп сұрапты. Сонда датқа:
- Әке, досымның санында қазір есеп жоқ. Бәрі “Дос болайық, мына бір ісімді тындырып бер” деп келеді. Шын досымның қанша екені, мен орнымнан қалған күні белгілі болады, - деген екен.
”Балалардан қалған сөз” кітабынан
Sunna.kz