Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Мешітке кірген кезде салауат оқудың маңыздылығы

16 сәу 2026 286 рет оқылды
Мешітке кірген кезде салауат оқудың маңыздылығы

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендердің біреулерің мешітке кірген кезде Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем айтып, былай десін:

«Уа, Алла, Өз мейіріміңнің есіктерін аша гөр» (Аллаһуммә фтәх ли әбуәбә рахмәтикә), ал шыққан кезде Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы сәлем айтып, былай десін: «Уа, Алла, мені рақымыңнан қуылған шайтаннан қорғай гөр» (Аллаһуммә, и‘сымни минә-ш-шәйтани-р-ражим.) (Ибн Хузайманың «Сахихы», № 452).

Абдулла ибн әл-Хасаннан, ол анасы Фатима бинт әл-Хусейннен, ал ол әжесі Фатимадан жеткізеді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке кірген кезде салауат оқып: «Раббым, күнәларымды кешіріп, мен үшін Өз мейіріміңнің есіктерін аша гөр»

(Рабби-ғфир ли зунуби, уә фтах ли әбуәбә рахмәтикә) дейтін. Ал мешіттен шыққан кезде қайтадан салауат оқып: «Раббым, күнәларымды кешіріп, мен үшін Өз игілігіңнің есіктерін аша гөр» дейтін». (Рабби-ғфир ли зунуби уә фтәх ли әбуәбә фәдликә.) (Әт-Тирмизи, № 314).

материал «Салауат байрағы» кітабынан алынды,

sunna.kz