Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:19
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Мешітте «Бас имам сағаты» өтті

10 сәу 2023 1 006 рет оқылды
Мешітте «Бас имам сағаты» өтті

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Рамазан айына орай, жамағатқа арналған «Бас имам сағаты» өтті.

Рамазан - мүмкіндік айы. Әрбір мұсылман осы айда өзін жақсы істерге дағдыландырып, адами құндылықтарын байыта алады. Сол үшін де Рамазан - әрбір мұсылман үшін ғылым-білім, діни сауат, мінез-құлық, имани құндылықтар, т.б. жағынан өзін дамытатын руханият айы.

Бас имам Руслан Байзақов Рамазан айына орай, мешіт жамағатымен жүздесіп, Рамазан айында жасалып жатқан қайырымдылық шаралары мен ауызашарлар жайларын баяндады. Сонымен бірге, жамағаттың көңілінде жүрген түйткілдіьмәселелерге жауап берді.