Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Ақшам 20:13
Мақалалар

Мешіт әдептері: Мешітте дауыс көтермеу

5 қаң 2026 529 рет оқылды
Мешіт әдептері: Мешітте дауыс көтермеу

Мешітте дауыс көтеріп сөйлеу – мәкруһ. Мешітке барған адам ол жер Алла Тағаланың үйі екенін ескеріп, әрі ғибадат жасаушы басқа да мұсылмандарға кедергі келтірмейтіндей бәсең дауыспен сөйлегені жөн. Сайб ибн Иазид деген кісі былай дейді:

«Мешітте тұрған едім бір кісі мені таспен ұрып түртті, қарасам Омар ибн Хаттаб екен.

Ол кісі маған: «Анау екеуін шақырып келші» - деді. Ол екеуін оған алып келдім.

Сонда Омар ол екеуіне: «Кімсіңдер» немесе «Қайдан боласыңдар», - деді.

Олар: «Тайф елінен боламыз», - деді. Оларға Омар: «Егер сендер қаламыздан болғандарыңда (яғни, Медина қаласының тұрғындары болғандарыңда), Алланың елшісінің мешітінде дауыстарыңды көтеріп сөйлегендерің үшін, қаттырақ ұрып ескертер едім» - деді. (Бухари).

Алайда уағыз-насихат айту, білім үйрету мақсатында дауысты көтерудің ешқандай айыбы жоқ.

 

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

sunna.kz