Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:19
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Бұралқы ит үнімен жағады

7 нау 2023 960 рет оқылды
Бұралқы ит үнімен жағады
Биді "би" десе, күледі, Құлды "құл" десе, өледі.   Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.   Күншілдің күні – қараң.   Иттің бәрі тазы болмас.   Ақпейілдің аты арып, тоны тозбас.   Аққа қара жоқ, қараға шара жоқ, кәрілікке дауа жоқ.   Қызық өссе, қылықтымен ауыл бол, Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол.   Балық жеген  – бағыспайды, Жан-жағына қағыспайды.   Мекіре балықтың тұмсығы тасқа тимей тоқтамас.   Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі.   Сыпайы сырын жасырмайды, пұшық мұрнын жасырмайды.   Сусыз жердің шөбі арам, Еңбексіз ердің тұзы арам.   Қарны тойса, қартаны ас демейді.   Ашу – пышақ, ақыл – таяқ.   Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы жұқпас.   Бұралқы ит үнімен жағады, Бұйра қозы жүнімен жағады.   Білмес – Құдайды білмес, көрмес – түйені көрмес.  

"Мәшһүр Жүсіп шығармаларының ХІІІ томынан алынды.

Sunna.kz