Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Мақалалар

Мұхтар Мағауин аударған екі сүре

26 қаң 2024 1 324 рет оқылды
Мұхтар Мағауин аударған екі сүре
Мұхтар Мағауин аударған "Дұха" сүресі: Алакеуім таңға серт! Қаракөлеңке кешке серт! Жаратушың сені жадынан шығарған жоқ. Һәм жатырқаған жоқ - Бүгініңнен ертеңің тәуір болар, Жасаған жарылқайды, жаның жай табар! Ол сені жетім кезіңде тапты - жебеледі Жолсыз кезіңде тапты - жөнге сілтеді, Жарлы кезіңде тапты - байлыққа бөледі! Мұхтар Мағауин аударған "Шарх" сүресі: Біз сенің көкірегіңді ашпап па едік? Ауыр жүгіңді алмап па едік, Арқаңнан зілдей басқан? Атағыңды асырмап па едік? Ол рас - салмақтың алмағы бар, Рас - салмақтың алмағы бар! Еңсеңді көтер, еңбектен танба, Жаратушыға құлдығыңнан жазба!  

Мұхтар МАҒАУИН

ҚР Халық жазушысы «Мен» ғұмырбаяндық хамсасынан үзінді