Бейсенбі, 13 тамыз 2026 ж. 30 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:04
Күн 04:52
Бесін 12:24
Екінті 17:28
Ақшам 19:45
Мақалалар

Намаз оқығанда жан-жаққа қарап алаңдаудың мәкрүһтігі

15 сәу 2026 180 рет оқылды
Намаз оқығанда жан-жаққа қарап алаңдаудың мәкрүһтігі

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Намаз оқып жатып о жақ, бұ жаққа қарап алаңдау турасында Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сұрадым.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ол – шайтанның адамның намазынан бір бөлігін ұрлап алуы!»,- деп жауап берді».

Айша анамыз (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бірде гүлді көйлек киіп намаз оқыды. Содаң соң: «Бұл киімнің гүлдері менің ойымды бұзды (алаңдатты). Бұны Әбу Жаһмге апарып бер, орнына (көйлек) алып кел!»,- деді.

Әнас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Адамдарға не болған өзі? Намаз оқып жатып ылғи да аспанға қарайды?»,- деді. Кейін, бұл туралы: «Адамдар намаз оқып жатып, аспанға қарауды тоқтатпаса, олардың көздері соқыр қылынады»,- деп қаттырақ айтты»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

sunna.kz