Сенбі, 15 тамыз 2026 ж. 2 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:09
Күн 04:55
Бесін 12:24
Екінті 17:26
Ақшам 19:41
Мақалалар

Пайғамбардың (с.ғ.с) тамаққа қатысты екі тыйымы

6 қаз 2025 519 рет оқылды
Пайғамбардың (с.ғ.с) тамаққа қатысты екі тыйымы

Әбу Жухайф Уахуа ибн Абдулла (Алла разы болсын) былай дейді: «Пайғамбардың (үйінде) болғанымызда онда болған бір кісіге: «Мен тамақ ішкенде ешнәрсеге сүйенбеймін», – деді» (Бухари, Ахмад, Тирмизи, Әбу Дәуіт, Ибн Мәжә, әд-Дарими).

Әл-Хаттаби былай дейді: «Бұл жердегі «сүйенуші» дегені ол отырушының өзі отырған төсекке сүйенгені». Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен төсекте және жастықта тамақты көп жегісі келген адам секілді отырмаймын, керісінше, тек керекті ғана мөлшерде және кез келген уақытта тұрып кететін адамның отырысымен отырамын», – деп айтпақшы болған дейді.

Етпетінен жатып тамақ ішпеуге байланысты ибн Омар (Алла разы болсын): «Алла елшісі (с.ғ.с) тамаққа қатысты екі нәрседен тыйды: арақ ішілген дастарханға отыруды және адамның етпетінен жатып тамақ жеуін», – деген (Әбу Дәуіт, Ибн Мәжә).

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

sunna.kz