Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

«Пара алғанды да, бергенді де Алла лағнеттеді»

20 қаң 2025 367 рет оқылды
«Пара алғанды да, бергенді де Алла лағнеттеді»

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ибн Лутайбия деген кісіге зекет жинауды тапсырады. Ол зекет жинап қайтып келген соң:

– Мынау – сендердікі, мынау – маған сыйға берілген! - деп зекеттен мал алып қалғысы келеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ашуланып:

– Олай болса, үйіңде отыра бермедің бе? Айтқаның шын болса, сыйлығың өзі-ақ саған келеді ғой, - дейді.

Бізде де адамдар параны әртүрлі атап өздерін алдайды. Кейде «һадия», кейде «сыйлық», кейде «ортаға ақша» деп әртүрлі атпен атап жатады.

Жұмыс басты адамға тек айлығы ғана – адал. Өзі сұрамаса да оған берілген ақша пара боп саналады. Һадия деген – сыйлық. Сыйлықтың қайтарылуы міндет емес. Оның орнына бірнәрсе берілсе, сол үшін бірнәрсе жасалып, не шешіліп берілсе – пара.

Арамды адал хатқалтамен орасаң да оны адал қылып жібермейді. Атаулар басқа, жолдар әртүрлі болса да арам арам болып қала береді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Пара алғанды да, бергенді де Алла лағнеттеді», - деген.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz