Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Садақа берудегі ықылас пен рия

16 ақп 2026 681 рет оқылды
Садақа берудегі ықылас пен рия

Ықылас бұл – барлық істерді Алла Тағаланың разылығы үшін атқару және басқа ешкімнің разылығын күтпеу. Адам баласының кез келген ісі шын ықыласпен, риясыз көңілден Алла Тағаланың разылығы үшін орындалатын болса, тіпті бұл дүниенің өзінде таршылықтан, қиыншылықтан құтылуға септігі тиеді. Ықыласты құлдарды шайтан оңайшылықпен құрығына түсіре алмайды.

Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмайтын күні (Қиямет күні) жеті адамды Алла Тағала өзінің көлеңкесіне алады» - дей келе, олардың бірі: «Оң қолының бергенін сол қолы білмейтіндей жасырын садақа берген адам» - деп баяндайды.

Алла Тағаланың разылығы үшін берілген дәнекте таудай сауап бар, ал мақтаныш, атақ-даңқ үшін берілген таудай алтында дәнектікіндей де сауап жоқ.

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

sunna.kz