Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Самарқандта Матуриди іліміне арналған халықаралық конференция өтті

2 мам 2025 963 рет оқылды
Самарқандта Матуриди іліміне арналған халықаралық конференция өтті

Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында «Матуриди ілімі – төзімділік, ұстамдылық және ағартушылық ілімі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен әлемнің 100-ден астам танымал ғалымы қатысып жатқан алқалы жиынға Төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, сондай-ақ ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым Досай Кенжетай арнайы қатысып, баяндама жасады.

Конференция жұмысы үш секция бойынша жүргізілуде. Бірінші секцияда Имам Матуриди және оның ізбасарларының ғылыми мұрасының ислам ғылымдарының дамуына қосқан үлесі талқыланды. Екінші секцияда Матуриди іліміндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың түсіндірмесі қарастырылды. Ал үшінші секцияда XXI ғасырдағы Матуриди ілімінің маңыздылығы мен өзектілігі сөз болды.

Айта кетейік, халықаралық конференция Өзбекстан Республикасының Президенті бекіткен «Имам Матуриди туылғанының 1155 жылдығын кең көлемде атап өту туралы» қаулы аясында ұйымдастырылып отыр.