Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Жаңалықтар

«Құмар ойын жарға жығады» тақырыбында дәріс оқылды (фото)

2 мам 2025 789 рет оқылды
«Құмар ойын жарға жығады» тақырыбында дәріс оқылды (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Жайыров Ерасыл 64 уақытша тергеу мекемесінде жеке құрамға «Құмар ойын-жарға жығады» тақырыбында дәріс жүргізді.

Насихат барысында мешіт ұстазы:

«Адам баласын екі дүниеде де зиянға ұшыратып, бақытсыздыққа жол бастаушы рухани дерттің бірі құмар ойынды ойнау. Алла қасиетті Құранда «Уа иман келтіргендер, арақ-шарап, құмар, табынуға арналған пұттар және жебелермен пал ашу шайтанның амалы сналатын лас істер. Ендеше одан аулақ болыңдар. Мүмкін құтыларсыңдар», деп айтқан. (Мәйда сүресі 90-аят) Аятта құмар ойнауды «лас» істеп айтуы және шайтанның ісі деп аталуы жайдан-жай емес. Себебі шайтанның басты мақсаты адамды азғырып азапқа душар ету. Ал аяттың «Мүмкін құтыларсыңдар»,-деп аяқталуыда тегін емес. Себебі құмар ойындарын тастау, оған алып баратын себептерге жоламау, одан құтылуға бір қадам болса да жеңіл болады. Ал енді осындай жағымсыз әдеттен арылған кісі мақсатына жетеді», - деп дәріс тыңдаушыларды ізгілікке шақырды.

sunna.kz