Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 ж. 13 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:34
Күн 05:13
Бесін 12:21
Екінті 17:09
Құптан 20:57
Жаңалықтар

Ғұламалар кеңесінде пәтуалар қабылданды

29 сәу 2025 750 рет оқылды
Ғұламалар кеңесінде пәтуалар қабылданды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Алматы қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісінде бірқатар пәтуалар қабылданды.


Мәжіліс барысында «Киберсквоттингпен айналысудың үкімі», «Киберспортпен шұғылданудың үкімі», «Коллагенді қолданудың үкімі» тақырыбында әзірленген пәтуалардың мазмұны талқыланып, қабылданды. Сондай-ақ «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)», «Қазақ даласындағы отбасы құндылығы тұғырнамасы» сынды құжаттардың мазмұны бекітілді.

Мәжілісте қабылданған пәтуалардың мәтіні ҚМДБ-ның ресми масс-медиасында жарияланады.