Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Сенің мазақтауың себепті бір адам өз-өзін жек көріп кетпесін

5 жел 2024 417 рет оқылды
Сенің мазақтауың себепті бір адам өз-өзін жек көріп кетпесін

«Шүбәсіз, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық» («Тин» сүресі, 4-аят).

 

“Ең көркем бейнеде жараттық” деген сұлу, красавчик қылып жараттық дегенді білдірмейді. Аяттың мағынасында адамның дене құрылысы, жаратылысы мен қызметі ең көркем бейнеде екені айтылып тұр, сұлулық – бұл да байлық секілді барлығына беріле бермейтін нәрсе.

Құдай хикметпен жаратылыстарының арасында бөліп берген. Алайда сұлулық пен әдеміліктің ұсқынсыз кір жүректе болғанында не пайда?

Ешкімнің сырт болмысын, пішінін келеке етіп мысқылдама. Себебі сен өзіңді өзің жаратқан жоқсың.

Сен күліп, әзілдейтін ешкім емессің! Сенің мазақтауың себепті бір адам өз-өзін жек көріп кетпесін. “Сөз сүйектен өтеді” деп дана халқымыз тегіннен тегін айтпаған.

материал «Құран хат» кітабынан алынды,

sunna.kz