Жексенбі, 12 шілде 2026 ж. 27 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:16
Күн 04:08
Екінті 17:56
Ақшам 20:31
Құптан 22:23
Жаңалықтар

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Жамағатқа бейсенбілік ауызашар берілді (фото)

27 қар 2025 406 рет оқылды
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Жамағатқа бейсенбілік ауызашар берілді (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бейсенбі күні игі дәстүрге сай бейсенбілік ауызашар берілді. ​

Ауыз ашу рәсіміне жиналған көпшілік жамағатқа мешіттің бас имамы Руслан Байзақов арнайы уағыз-насихат айтып, діни тақырыптар төңірегінде терең мағлұматтар берді.

Бас имамның сөзінде рухани тазалық, бірлік және мұсылмандық құндылықтардың маңызы туралы айтылып, жиналғандар имандылыққа шақырылды. Уағыз-насихаттан соң, бас имам көпшілікке арнап дұға жасады. Дұғада еліміздің амандығы, халқымыздың тыны штығы мен берекесі, сондай-ақ, ауызашар ұйымдастыруға атсалысқан барша азаматтардың сауапты істері үшін тілектер айтылды.

Бұл рухани отырыс мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттырып, имандылық жолындағы білімдерін толықтыруға септігін тигізді.

     

sunna.kz