Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Тілден шыққан дұға – көздемесең де нысанға тиеді

27 қар 2025 235 рет оқылды
Тілден шыққан дұға – көздемесең де нысанға тиеді

Бірде пайғамбарымыз (с.ғ.с) сырқаттанып қалған ансарлық бір кісінің көңілін сұрауға барады. Оның қатты мазасызданып жатқанын байқап:

– Алладан бірнәрсе сұрап дұға ететін бе едің? - дейді. Ол:

– Иә. «Ақыретте азаптамай, дүниеде берші» деп сұрайтынмын, - дейді.

– Алла – Пәк! Оған шыдай алмайсың ғой! Неге «Алла, бізге дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер! Бізді тозақ отынан сақта!» демегенсің, - дейді пайғамбарымыз (с.ғ.с). Әлгі кісі осы дұғаны айтқан соң жазылып кетеді.

Алладан жақсы нәрселер сұрайық. Тағдыр бекітілген болса да, пенденің еткен дұғасы мен жеткен нығметі тағдырда қоса бекітілгенін ескерген жөн. Тілден шыққан дұға – көздемесең де нысанға тиеді. Дұғада да тілдеріңді артық тіленуден тыйыңдар!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz