Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Қасиетті жұма күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Әз Наруызға арналған мерекелік шара өтті.
Шара аясында Аналар мектебінің ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық жәрмеңгесі де өткізілді.
Аналар мектебінің мүшелері мен қыз-келіншектерге арналған Сауат ашу курсының шәкірттерінен құралған еріктілер атсалысуымен өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесінде түрлі тағамдар, тәтті күлшелер, дәмді тоқаштар мен шай, кофе сияқты ыстық сусындар сатылымға шығарды.
Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.