Сәрсенбі, 29 шілде 2026 ж. 15 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Күн 04:30
Екінті 17:45
Ақшам 20:11
Құптан 22:13
Мақалалар

Тезек төренің жұмбағы

6 мам 2022 1 002 рет оқылды
Тезек төренің жұмбағы

Тезек төре сақалды кісі екен. Ол бірде тіс шұқитын ағашын қалың сақалының арасына қыстырып қойып, осыны отырғандарға жұмбақтап:

–Анау тұрған тау, тау етегі орман, сол орманда бір ұры тығылып жатыр. Оны қанша кісі барса байлап әкеледі?, - дейді.

Отырған жақсылар әрі ойланып, бері ойланып таба алмай дал болып отырғанда Бөлтірік шешен кіріп келеді.

Ол Тезек төреге:

–Әлгі жұмбағыңызды қайта айтып жіберіңізші, - дейді. Тезек жұмбағын қайта айтады. Сонда Бөлтірік шешен кідірместен:

–Тау дегеніңіз басыңыз ғой, - дейді. Тезек төре басын изейді.

–Тау етегіндегі орман сақалыңыз ғой.

Тезек төреге шешеннің сөзін тағы да мақұлдаған ишара жасайды.

–Жасырынып жатқан жалғыз ұрыңыз тіс шұқитын аршаңыз емес пе, - дейді.

Тезек төре шешенді қостап тағы да басын изейді. Сонда Бөлтірік:

–Мынау бес кісі барса, ол ұрыны ұстап әкеледі, - деп бес саусағын көрсетіпті.

«Қазақтың билері мен шешендері» кітабынан

Sunna.kz

#Бөлтірік шешен #Тезек төре