Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 ж. 29 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:02
Күн 04:51
Бесін 12:24
Ақшам 19:47
Құптан 21:36
Мақалалар

Ібілістің әйелінің атын білесің бе?

15 жел 2025 417 рет оқылды
Ібілістің әйелінің атын білесің бе?

Бірде пайғамбарымыз (с.ғ.с) хұтба оқып жатып былай дейді: – Уа, адамдар! Алла қажылықты парыз етті. Қажылық қылыңдар! Бір кісі:

– Жыл сайын ба, уа, Алланың Елшісі? - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үндемей қалады. Әлгі кісі үш қайтара сұрайды.

– «Иә» десем міндет болып қалады. Шамаң келгенше жаса. Менің үйреткенімді істеңдер. Сендерден алдыңғылар көп сұрап, пайғамбарларымен келіспей қалып құрдымға кеткен. Не бұйырсам, соны шама-шарқың жеткенше істе. Неден тыйсам, одан қайтыңдар! - дейді пайғамбарымыз.

Түсінікті не жауабы айтылатын нәрсені сұрай берудің қажеті – шамалы.

Біреу Ібілістің әйелінің атын, біреу Жүністі жұтқан киттің түрін, біреу Адам ата жеген ағашты сұрайды. Мәселе – оны білуде емес, олардан ғибрат алуда. Осылай бірде имам Шиблиден біреу:

– Ібілістің әйелінің атын білесің бе? - деп сұрағанда:

– Тойына барған жоқпыз! - деп жауап берген екен...

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz