Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Ізгі адамдар босқа жібермейтін 10 түрлі амал

1 там 2022 1 542 рет оқылды
Ізгі адамдар босқа жібермейтін 10 түрлі амал

1.Таң сәріде тұрып Алладан жарылқау тілеу. Алла «Әли Имран» сүресінің 17-аятында ақыретте мәңгі бақытқа кенелетіндерді сипаттай келе: «...таң сәріден жарылқау тілеушілер», - деген.

2.Жеке қалып ойлану. Алла тағала «Әли Имран» сүресінің 191-аятында: «Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады», - деген.

3.Жақсы адамдармен араласу. Алла тағала «Кәһф» сүресінің 28-аятында: «жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет», - деген.

4.Зікір ету. Алла тағала «Ахзап» сүресінің 41-аятында: «Алланы өте көп зікір етіңдер», - деген.

5.Шынайы ниетпен намаз оқу. Алла «Мүминун» сүресінің 2-аятында: «Мүміндер намаздарында іштей жалбарынады», - деген.

6.Құран оқу және мағынасына ой жүгірту. Алла «Ниса» сүресінің  82-аятында: «Ал,  сонда  олар Құранды түсінбей ме?», - деген.

7.Аптап ыстық күнде ораза ұстау.

8.Жасырын садақа беру. Алла елшісі (с.а.с.): «Оң қолының бергенін сол қолы білмей қалатындай жасырын болуы керек» деген.

9.Басқа бір мұсылманның қайғы-қасіретін бөлісу, қиыншылықтан құтылуына жәрдемдесу. Хадисте:

«Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла тағала оны қиямет-қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады», - деген.

10.Бұл фәниден ақырет үшін бас тарту (қызықпау). Алла тағала «Ағла» сүресінің 17-аятында: «Ақырет қайырлы да тұрақты», - деген.

«Үміт cәулесі» кітабынан

Sunna.kz

#Үміт сәулесі