Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Мақалалар

Ізгі адам он түрлі амалды босқа жібермейді

8 қар 2022 1 016 рет оқылды
Ізгі адам он түрлі амалды босқа жібермейді
Ізгі адам он түрлі амалды босқа жібермейді:1.Таң сәріде тұрып Алладан жарылқау тілеу. Алла «Әли Имран» сүресінің 17-аятында ақыретте мәңгі бақытқа кенелетіндерді сипаттай келе: «…таң сәріден жарылқау тілеушілер», – деген.

2.Жеке қалып ойлану. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің 191-аятында: «Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады», – деген.

3.Жақсы адамдармен араласу. Алла Тағала «Кәһф» сүресінің 28-аятында: «жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет», – деген.

4.Зікір ету. Алла Тағала «Ахзап» сүресінің 41-аятында: «Алланы өте көп зікір етіңдер», – деген.

5.Шынайы ниетпен намаз оқу. Алла «Мүминун» сүресінің 2-аятында: «Мүміндер намаздарында іштей жалбарынады», – деген.

6.Құран оқу және мағынасына ой жүгірту. Алла «Ниса» сүресінің  82-аятында: «Ал,  сонда  олар Құранды түсінбей ме?», – деген.

7.Аптап ыстық күнде ораза ұстау.

8.Жасырын садақа беру. Алла елшісі (с.а.с.): «Оң қолының бергенін сол қолы білмей қалатындай жасырын болуы керек» деген.

9.Басқа бір мұсылманның қайғы-қасіретін бөлісу, қиыншылықтан құтылуына жәрдемдесу. Хадисте:

«Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет-қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады», – деген.

10.Бұл фәниден ақырет үшін бас тарту (қызықпау). Алла Тағала «Ағла» сүресінің 17-аятында: «Ақырет қайырлы да тұрақты», – деген.

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

sunna.kz