Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Ғұлама әйелдердің хадис жеткізудегі мұқияттылығы

1 жел 2022 800 рет оқылды
Ғұлама әйелдердің хадис жеткізудегі мұқияттылығы

Мына қызықты қараңыз, хадисті жеткізуші әйелдерден жеткен хадистердің ішінде, бірде-бір сенімсіз немесе әлсіз хадис жоқ. Ғұлама аналарымыз бүкілмұсылманәлеміндеүлкентанымалдылыққаиеболған. Тіпті хадисті тікелей Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жеткізген сегіз жүзден астам әйел болғандығы жайлы айтылады және олардың барлығы шыншыл әрі әділетті деп саналған.

Ибн Асакир рахимаһуллаһ өзінің төрт жүзден астам күмән келтіретін, хадистерді жеткізуші ер адамдарды санағандығын, бірақ бірде- бір күмәнді саналған әйел раулерді білмейтіндігін атап өтті .

Имам Шамсуддин әз-Захаби рахимаһуллаһ (Һижраның 748 ж.) өзінің «әл-Мизан әл-Итидал» кітабында хадисті таратушыларды сынға алып жазған және бірнеше мың хадис жеткізуші мухаддистерді сенімсіз деп айыптаған. Сол кітабының соңында: «Мен сенімсіздікпен айыпталған немесе олардан хадис алудан бас тартылған әйелдер туралы білмеймін»,- дейді. Яғни әйел хадис жеткізушілердің әр сөзге мұқият қарап, зеректік танытқанын баяндауда.

Демек, бұл кез-келген рауидің нақтылығы мен әділдігі күмән тудырса, онда ол ер адамдарға қатысты айтылған деп тұжырымдасақ болады. Өйткені ғұлама аналарымыз әрдайым діни білімдерін нақты, шынайы әрі әділ жеткізген. Оның бір сыры хадисті күмәнді не қате баяндап, үмметке зияны тимесін деген қорқыныш пен пайғамбарлық білімді абыроймен таратуға тырысқан тақуалықтарынан болса керек...

материал «Әйел мен ілім» кітабынан алынды,

sunna.kz