Жұма, 9 қазан 2026 ж. 28 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:22
Бесін 12:07
Екінті 15:48
Ақшам 17:40
Құптан 19:06
Мақалалар

Қадір түні періштелердің түсетіні рас па?

11 нау 2026 225 рет оқылды
Қадір түні періштелердің түсетіні рас па?

«Қадір» сөзінің бір мағынасы – «сығылысу». Осыған байланысты зерттеуші ғалымдар қадір сөзі «тарылу» мағынасын да білдіреді деген жорамалдар жасаған. Өйткені бұл түні жер бетіне періштелер толып кетеді. «Қадір» сүресінде: «Ол түні періштелер және Жебірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) Раббыларының рұқсатымен әр түрлі іс атқару үшін түседі», – дейді. Сол түнгі көктен түсетін періштелердің саны жердегі майда тастардан да көп болады. Пенденің әрбір жасаған дұғасына «әмин» деп тұрады.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

sunna.kz