Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Мақалалар

Құлагердің бір пысқырғанына да тұрмайды

13 мау 2022 875 рет оқылды
Құлагердің бір пысқырғанына да тұрмайды

70 жылдары Асқар Сүлейменов "Құлагер" фильмнің сценарийін жазады.

Соған байланысты Нұржамал Сақыпова деген кісінің айтуы бойынша:

Авторлық құқықты қорғау бөлімінде істеймін. Бір күні жұмысқа жүріс-тұрысы бөлек,бұрын-соңды ешкімге ұқсамайтын бір адам келді. Танымаймыз.

Фильм сценарийінің қаламақысын алуға келген екен. Кеңес өкіметінің тұсы, Құлагер сияқты ұлттық құндылықтарға көзқарастың кырындау кезі.

Сценарийдің қаламақысына болмашы ақша берілді. Оны азсынғаны, ренжігені түрінен білініп тұрды. Бірақ ештеме демеді.

Оны байқаған бухгалтер:"Сіз мынадай тарихи фильм жазғаннан гөрі советтік өмірді көрсететін ,мақтайтын сценарий жазғаныңызда қаламақыңыз да көп болатын еді" дейді.

Сонда ана кісі тұрып:"Сіздің советтік өміріңіз Құлагердің бір пысқырғанына да тұрмайды" деп шығып кетті...

#Асқар Сүлейменов #Құлагер