Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 ж. 27 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:57
Күн 04:48
Бесін 12:25
Ақшам 19:51
Құптан 21:41
Мақалалар

Құлшылықта жастың үлкен-кішілігі маңызды емес

4 жел 2025 347 рет оқылды
Құлшылықта жастың үлкен-кішілігі маңызды емес

Омар (р.а.) намаз оқуға мешітке үнемі ертерек баратын. Бірде ол жолда мешітке қарай жүгіріп бара жатқан баланы көреді де:

– Балам, неге сонша асығып барасың? – деп сұрайды. Бала:

– Намазға асығып барамын. Намаздың уақыты жақындап қалды, ал мен әлі дәрет алып үлгермедім, – дейді. Омар (р.а.):

– Бірақ сен кішкентайсың ғой? – дейді. Сонда әлгі бала:

– Құлшылықта жастың үлкен-кішілігі маңызды емес қой. Кеше ғана менен де кіші бір бала көз жұмды, – деп жауап береді.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

sunna.kz