Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:11
Күн 05:41
Бесін 12:15
Ақшам 18:39
Құптан 20:08
Мақалалар

«Құлшылықтың ең абзалы қайсы?» деген сұраққа әулиенің жауабы

3 қыр 2025 490 рет оқылды
«Құлшылықтың ең абзалы қайсы?» деген сұраққа әулиенің жауабы

Шейх Саъди әш-Ширази деген кісі әңгімелейді:  Жұртқа күн көрсетпейтін бір залым, қатыгез адам өмір сүріпті. Жұрттың ығырын шығарып, елдің бәріне зияны тиіп болған екен. Күндердің бірінде әлгі адам тақуа әрі әулие кісіге жолығып қалып:

  • Тақсыр, ғибадаттардың ең абзалы қайсы? - деп сұрапты.  Сонда әулие кісі оған:
  • - Сен үшін - ұйқы, - деп жауап беріпті. Әулиенің сөзіне таңырқаған залым:
  • - Неге? - дейді түсінбей.
  • - Өйткені ұйқыдағы кезіңде ешкімге зияның тимейді! - деген екен.  Сөз тапқанға қолқа жоқ! Ешкімге пайдамыз тимесе де, құр болмағанда зиянымыз тимесін, оның өзі қоғамға қосқан үлесіміз болмақ.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

sunna.kz