Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Бесін 12:19
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Құрбандық шаларда айтылатын арнайы дұға бар ма?

25 мам 2026 323 рет оқылды
Құрбандық шаларда айтылатын арнайы дұға бар ма?

Басқа біреудің атынан құрбандық малын шалу тапсырылған кісі оны малдың иесінің атынан: «Бисмилләһ, уа Алла, (мұны) пәленнен қабыл ет», - деп бауыздауы шарт. Бірақ біреудің Құрбандығын бауыздаушы адам оны өз атынан шалса да, ол мал иесіне ғана жазылады. Құрбандық малын шалудан бұрын Алланың атын айту керек. Алла Тағала Құранда: «Оларды тұрғызып қойып, үстінен Алланың атын айтыңдар», -деп бұйырады. («Хаж» сүресі, 36).

Шариғатымызға сәйкес құрбан шаларда: «Бисми-Лләһ, уа-Ллаһу Әкбар. Аллаһумма тақаббәл-минни» - деп айту керек. (Муслим).

(Мағынасы: «Алланың атымен әрі Алла Ұлы! Уа, Алла, ақиқатында, бұл Сенен және Саған! Уа, Алла менен қабыл ет!»).

материал «Құрбан айт – құтты мереке» кітабынан алынды,

sunna.kz