Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Құптан 20:11
Мақалалар

Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар арамызда?

8 қаң 2026 250 рет оқылды
Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар арамызда?

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құзырына бірде арақ ішкен адамды алып келді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): – Дүрелеңдер! - деді. Сахабалар оны дүреледі. Адамдар: – Сорлы-ай! Алла жазаңды берсін! - дескенде, Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) оларға:

– Олай демеңдер! Олай деп шайтанға көмектесіп, бауырларыңды оған жығып бермеңдер! «Алла оны кешір!», «Алла оны мейіріміңе ал!» деңдер! - деді.

Дін – жұмсақтық, мейірімділік, кешірімділік. Дін – жақсылық тілеу. Дін – жамандықтың алдын алу.

Дін – адамды Аллаға жетелеу, Алла мен адамның арасын ажырату емес. Біреуді күнә-қателігіне бола жазғыру – біздің ісіміз емес.

Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар біздің арамызда? Ешкім! Солай екен деп адамдарға қазылық қылмаңдар! Адамдарды Аллаға, ынсапқа шақырушы болыңдар!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz