Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Мұсылманшылықтың ең жоғарғы дәрежесі

21 қар 2023 959 рет оқылды
Мұсылманшылықтың ең жоғарғы дәрежесі

Ұлт ұстазының бүгінгі қазаққа керек тіл,  ұлт болашағы, білім саласы мен дін мәселесіне қатысты ой орамдарын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Халықтың түзелуінің кілті - жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуін, бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.

***** ***** ***** Елді түзетуді - бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі.

***** ***** ***** Жұртқа тәртіпті мектеп керек. Мектепке сайлы мұғалімдер керек.

***** ***** ***** Тіршілік - тірлік шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болуы керек.

***** ***** ***** Асыл тіл, түзу емле қазақта - болуға тиіс. Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келк жатқан - қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген - қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, тілін бұзбаған, арасына жат жазу жайылмаған түрік баласы - қазақ.

***** ***** ***** Хат мәдениеті бар халыққа: бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып алып кетуге бірталай уақыт керек…

***** ***** ***** Әліп-би түзету, емле түзеу жағынан соңғы кездеістелген істер жемісті болып, бұ жағынан біз Еуропа, Америка жұрттарының алдында тұрмыз.

***** ***** ***** Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті сауықтарына дейін күнә деп, тиғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанға қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған.

***** ***** ***** Амалыңды түзет, түзелмесең, ешкімге кінә қойма! Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе?

***** ***** *****

Қысылған жерде қарасу, қиналған жерде болысу - адамшылықтың, мұсылманшылықтың ең жоғарғы дәрежесі.

Ахмет Байтұрсынұлы

#Ахмет Байтұрсынұлы